Кәсіпорын толығымен автоматтандырылады.
Түркістан облысында мал азығын дайындайтын түйіршіктелген құрама жем өндіру зауытын салуға Nurym Group 2,5 миллиард теңге инвестиция салды.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Кәсіпорын толығымен автоматтандырылады. Зауыт жыл сайын жылқы, ірі қара және ұсақ малға 46 мың тоннаға дейін жем-шөп шығарады деп жоспарланып жатыр.
"Құрылыс осы жылдың көктемінде басталды және қазіргі уақытта монтаждау жұмыстарының 60% орындалды, жабдықтарды орнату және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пайдалануға беру 2024 жылдың соңына жоспарланған", – делінген хабарламада.