Тікелей эфир

Түркістан облысында елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі өседі

Ерекше күтімді қажет ететін өсімдіктің тұқымын бағбан Өзбекстаннан тапсырыспен алдырған.

Түркістан облысында елімізде сирек кездесетін альстромерия гүлі өседі. Ерекше күтімді қажет ететін өсімдікті Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылындағы бағбан Жәмила Ырысова жерсіндірген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқыда үй ауласында гүл өсіруден басталған кәсіп бүгінде отбасылық бизнеске айналған.

Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

"Тұқымын Өзбекстаннан тапсырыспен алдырдым. Негізінен, перу лалагүлі – Оңтүстік Америка мен Голландияда ғана өсетін нәзік гүл. Бір рет егілген өнім үш жыл бойы өнім береді", – деді Жәмила Ырысова.

Бағбан бұл кәсіппен 6 жылдан бері айналысып келеді. Отбасының барлық мүшесі осы жылыжайда еңбек етіп, нәпақасын тауып отыр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары