Тікелей эфир

Түркістан облысы тұрғынының "Сергекке" берешегі 6,5 миллион теңгеден асқан

Әкімшілік айыппұлдардың 80 пайызы жылдамдық режимін бұзумен байланысты.

Полицейлер "Қорғау" бағдарламасының көмегімен төленбеген 6,5 миллион теңгеден астам берешегі бар жүргізушіні анықтады, деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент хабарламасына сәйкес,  Түркістан облысының патрульдік полиция батальон қызметкерлерінің планшеттеріне "Қорғау-қауіпті жүргізуші" мобильдік бағдарламасы арқылы төленбеген айыппұлдары бар "Фольксваген Пассат" маркалы автокөлік туралы ақпарат берілген. Тәртіп сақшылары көліктің жүрген жерін анықтап, "Шымкент-Самара" тас жолында тоқтатқан.

"Тексеру кезінде бұл автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 6,6 миллион теңге төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бары анықталды. Яғни, жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық режимін бұзумен байланысты. Тәртіп сақшылары "Фольксваген Пассат" автокөлігін айыптұраққа қойып, жүргізушімен берешекті уақтылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді", – делінген ресми хабарламада.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгереді?


 

Серіктестер жаңалықтары