Тікелей эфир

Түркі мемлекеттерінің электронды үкіметтері интеграцияланады

Бес елге ортақ цифрландыру орталығы құрылады.

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркия елдерінің электрондық үкіметтерін интеграциялау жөнінде келісім жобасы әзірленіп, ол Ашық НҚА порталында жарияланды.

Келісім мақсаты – түркі елдерінің тұрақты дамуы мен мемлекетаралық саясатын нығайту және Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыру.  Ол үшін бес елдің осы салаға жауапты құзырлы министрліктерінің өкілдерінен жұмыс тобы құрылады.

Сондай-ақ аталған тараптардың бес елге ортақ цифрландыру орталығы құру жөнінде келісімге қол қоюы жоспарланып отыр. Бұл келісім сауда, көлік, су ресурстарын пайдалану, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да маңызды салалар үшін қажетті цифрлық шешімдерді әзірлеу үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мақсатында жасалмақ.

Құжаттардың жобасын жария талқылау мерзімі – 4 тамызға дейін.


Оқи отырыңыз: "Электронды үкіметтің" дамуы бойынша Қазақстан Ресейден 7 саты алда келеді


 

Серіктестер жаңалықтары