Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Алматы әкімі Ерболат Досаев Сейфуллин даңғылындағы Үлкен Алматы каналындағы көпірді қайта жаңғырту жұмыстарымен танысқанын хабарлады.
Жұмыс барысында үш мәселе анықталды. Бірінші мәселе: тұрғындар үшін көпірге көтеріліп-түсу қауіпті. Көпірдің тірек қабырғалары мен құрылымында плиталар бүліне бастаған. Екінші мәселе: көпірдің гидроизоляциясы бұзылған. Мұндай ақау көпірде апат болу ықтималдылығын арттырады. Үшінші мәселе: көпірдің көп бөлігінде жартылай құлап жатқан плиталар көзге оғаш көрінеді.
"Көпірді жөндеу 2023 жылға жоспарланған жоқ, бірақ тұрғындардың өтініші бойынша Сейфуллин көшесіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу бағдарламасына енгізілді. Қазіргі уақытта бүлінген гранит плиталар бөлшектеліп, тазартылып, орнына қойылды. Жұқа қаптамалар күшейтілген бекітпелерге ауыстырылды. Қазіргі уақытта гранитті сатыларды бөлшектеу, тегістеу және орнату, тіреу қабырғаларын тақта таспен қаптау, аралық құрылыстың қасбеті мен арқалығын бояу жұмыстары аяқталды. Төбелер мен қабырғаларға плиталарды тегістеу және төсеу жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы 150 жаңа "Сергек" камераcы әлі жүйеге қосылмаған.
Алматы әкімі Ерболат Досаев жөндеу жұмыстары кезінде көпірдің жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз болуын назарға алуды тапсырды.
"Біз көпірдің архитектуралық келбетін бұзбауға тырысамыз. Инфрақұрылымның тозатыны белгілі. Бұл жағдайда бір нәрсені өзгертуге мәжбүрміз, бірақ архитектуралық бастапқы келбетің, құрылымның бастапқы түрін мүмкіндігінше сақтаймыз. Қазіргі таңда барлық жұмыс сапалы орындалды. Жасанды материал жоқ, бүкіл жерде табиғи тас тұр", – деді Ерболат Досаев.
Оқи отырыңыз: Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
Ол көпірді жөндеу жұмыстарын қараша айының басына дейін аяқтауды, сондай-ақ, сараптама жүргізуді, қажет жағдайда көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарын 2024 жылға арналған жоспарға енгізуді тапсырды.