Тікелей эфир

Түрген мен Бутаков шатқалдарында визит-орталық ашылады

Соңғы 2 жылда жеке инвесторлардың қаражатын тарту есебінен Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи орындарында 7 визит-орталық қолданысқа берілді.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, бұл Аюсай, Түргенсай, Сартас, Шарын, Горельник, Медеу және Altynemel визит-орталықтары.

 "Ертісай визит-орталығы – осындай алғашқы нысан. Халық арасында ұлттық саябақтарда келушілерге арналған орталықтар салудың экологиялық тиімділігіне алаңдаушылық білдіретіндер бар. Бірақ мұндай нысандар ағаш конструкциялардан жиналған модульдерден тұратын шағын құрылыс саналады. Негізі бетон қолданылмай, металл байламасы бар геобұрандалардан жасалады", – деді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

 Жақын арада Түрген және Бутаковка шатқалдарында да визит-орталық ашылады.


Оқи отырыңыз: Қазақстан шенеуніктерінің декларациясы 2025 жылы жарияланады.


 

Серіктестер жаңалықтары