Тікелей эфир

Turan экономикалық аймағын 2043 жылға дейін құру туралы қаулы жарияланды

АЭА аумағы 4622,39 гектарды құрайды.

Қазақстан Республикасы үкіметінің Turan арнайы экономикалық аймағын 10 жыл ішінде құру туралы қаулысы жарияланды. Бұған дейін мемлекет басшысының Түркістан облысының аумағында Түркі мемлекеттері үшін АЭА құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында АЭА атауы Turan болып өзгертілетіні хабарланды. 

Қаулы жобасында арнайы экономикалық аймақ атауының өзгеруі және орналасқан аумағы туралы жазылған. 

Turan арнайы экономикалық аймағының аумағы 4622,39 гектарға тең

"2043 жылға дейінгі кезеңге Turan арнайы экономикалық аймағы құрылсын. Қоса беріліп отырған Turan арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сындарлы деңгейі бекітілсін. Көрсетілген қаулымен бекітілген Turkistan арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде тақырып "TURAN" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже" деп жазылсын", – делінген қаулы жобасында. 

"TURAN" арнайы экономикалық аймағы Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде, қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.


Оқи отырыңыз: Turkistan арнайы экономикалық аймағының атауы өзгереді


АЭА аумағы Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі және аумағы 4622,39 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 6 субаймақ: 

  • ауданы 861,75 гектар тарихи орталық;
  • ауданы 1578,64 гектар әкімшілік іскерлік орталық;
  • ауданы 1000 гектар, 35 гектар және 180 гектар өнеркәсіптік аймақтар;
  • ауданы 967 гектар әуежай кіреді.

"Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – деп жазылған Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың бұйрығында. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары