Тікелей эфир

Түркия жаңа Kaan жойғыш ұшағын сынақтан өткізді

Мемлекет бесінші буынды бұл ұшақты жасауға небәрі 7 жыл жұмсаған.

Түркия жаңа, бесінші буынды Kaan жойғыш ұшағын сынақтан сәтті өткізді. Ол арқылы ел әлем бойынша бесінші буынды ұшақтар шығаратын бес елдің бірі атанады. Бұл туралы Anadolu ақпарат агенттігі хабарлады. 

Алғашқы Kaan ұшағының штурвалында Барбарос Демирбаш есімді ұшқыш болған. Бұл ұшақ жоғары дыбыстық жылдамдықпен қозғалып, аса дәл әуе соққыларын жасай алады. Ол жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған. 

Kaan жойғыш ұшағы

"Біз Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде жаңа маңызды жетістікке қол жеткіздік. Біздің отандық Kaan әскери ұшағымыз алғашқы сапарын сәтті жасады. Бұл бесінші буынды жойғыш ұшақтар өндірісіндегі аса маңызды қадам", – деді бұл орайда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары