Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері "Қорғау" бағдарламасының көмегімен өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне трассадағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түсті. Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғыны сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады.
Оқи отырыңыз: Атырауда айыппұл төлемеген 45-ке жуық жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды
Заң талаптарына сәйкес, полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді.