Тікелей эфир

Түркістан облысында мектептерден 900-ден астам күзетші өтемақысыз жұмыстан шығарылды

Прокурорлардың араласуынан кейін оларға 115 млн. теңге өтемақы төленді.

Түркістан облысында жүздеген білім беру мекемелерінің күзетшілері заңда белгіленген өтемақыны алмаған күйде жұмыстан босатылған. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады.

Түркістан облысының прокуратурасы жалпы білім беру мектептерінің күзетшілеріне жұмысынан айырылуына байланысты берілетін тиесілі өтемақыны аудармағанын анықтады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер террористік тұрғыдан осал объектілерге өтуіне байланысты, оларды күзету жеке күзет агенттіктеріне берілген.

"Бұл құқықтық өзгерістердің салдарынан Түркістан облысының білім беру бөлімдері 1 473 мектеп күзетшілерімен еңбек шарттарын біржақты бұзған. Алайда жұмыс беруші енбең заңнамасының талаптарын бұза отырып, 934 жұмысшыға тиісті өтемақыны төлемеген. Қолданылған шаралармен бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлемдері аударылды (115 млн.)", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "80 мыңға күн көру мүмкін емес": Атырауда күзетшілер бас көтерді


Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыс прокуратурасының бақылауында.

Серіктестер жаңалықтары