30-разъезд елді мекені Ескі Сауран, ал Үштам Самырат атауын алып, өзгереді.
Түркістан облысының Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылымында өзгерістер болады. Облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында келесі шешімдер қабылданды.
- Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округі аумағынан елді мекен құрылып, ол Атажұрт атауын алады.
- Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округі аумағынан елді мекен құрылып, ол Мәшһүр Жүсіп атауын иеленеді.
Сондай-ақ, Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округіндегі 30-разъезд елді мекені Ескі Сауран елді мекені болып қайта аталса, Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округіндегі Үштам елді мекенінің атауы Самырат болып өзгереді.
Өзгерістер облыстық әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 10 жыл бұрын ғана бой көтерген мектеп құлағалы тұр