Түркістан облысында полицейлер “Қорғау” бағдарламасының көмегімен әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар және келіп түскен сот қаулыларының негізінде жүргізушілерді анықтау жұмыстарын жалғастырып келеді. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Мәселен, жедел басқару орталығының қызметкерлері көше камераларынан деректерді талдайтын және жақын маңдағы полиция нарядтарының планшетіне хабарламалар жіберетін “Қорғау” бағдарламасы арқылы екі борышкерді анықтады.
Полицияға 4 миллион теңгеден астам сомаға берешегі бар BMW автокөлігі бойынша сигнал түсті. Полицейлер аталған көлікті Түркістан қаласының көшесінен анықтады. Сондай-ақ, Сайрам ауданының патрульдік полиция инспекторлары қарызы шамамен 9,5 миллион теңгені құрайтын Hyundai автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Екі автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Оқи отырыңыз: Шымкентте 1,5 миллиард теңге автокөлік салығы төленбеген