Елордада халықаралық түркі академиясының ғылыми кеңесі мектеп бағдарламасына "Ортақ түркі әдебиеті", "Ортақ түркі тарихы" және "Түркі әлемінің географиясы" оқулықтарын енгізу туралы шешім қабылдады.
Хаттамаға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан қол қойды.
Аталған оқулықтардың мәтіні 2021 жылы Ыстамбұлда өткен ғылыми кеңестің 4-отырысында мақұлданды.
Оқи отырыңыз: Алтай қазақтары "Әліппе" мен "Қазақ тілінің" өзіндік жаңа нұсқасын басып шығарды
"Ортақ түркі тарихы" оқулығы түркі халықтарының XV ғасырға дейінгі даму хронологиясын қамтиды және 7 бөлімнен тұрады. "Түркі әлемінің географиясы" кітабы олардың әр уақытта қоныстануы туралы түсінік береді. "Ортақ түркі әдебиеті" еңбегі оқушыларға түркілердің мәдени құндылықтары туралы түсінік беруге бағытталған.
Оқу-ағарту министрлігі бұған байланысты мектептерде жаңа пән енгізілмейтінін хабарлады.
"Бұл жерде әңгіме факультатив ретінде қосымша таңдауға болатын курс жайында болып отыр. Яғни оқушылар өз қалауы бойынша түркі әлемін зерттеу үшін қосымша білім ала алады" делінген министрліктің хабарламасында.