Әлеуметтік желіде қазақстандықтарды Covid-19 пандемиясы кезіндегі төтенше жағдайдағыдай ең төменгі жалақының төленіп-төленбейтіні алаңдатып отыр. Informburo.kz редакциясы бұл сауалды еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне бағыттады.
Ведомство бұл мәселенің қазір қаралып жатқан жоқ екенін мәлімдеді: адамдар бәрібір де жұмысқа шықты. Мұнымен қатар, қоғамдық тәртіпсіздік болып жатқан өңірлерде тұрғындар қашықтан жұмыс істеп жатыр.
Егер төтенше жағдайға байланысты төлем енгізілсе, оның көлемі ұлғаятын еді. 2022 жылы ең төмен жалақы 42 500 теңге емес, 60 мың болып отыр.
Еске салсақ, 5 қаңтардан бастап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Алматы облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірде төтенше жағдай енгізілді.
Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Алматы облысының комендатурасы, ІІМ, ҰҚК, ТЖМ және Қорғаныс министрлігі белгіленді. Үкімет төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен қажетті қаражатты бөлінеді.