Қазақстан құрамасының мүшелері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандық ескекшілер Жапония құрамасынан (1:49.237) және Ираннан келген жұптан (1:50.486) озып кетті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Бұл Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен төртінші алтын медаль.
"Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздерді мақтан тұтады", – деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Оқи отырыңыз: Тағы екі алтын: Зухра Ирназарова және Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы Азиада чемпионы атанды.