Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.
Оңтүстік Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Оңтүстік Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді", – делінген хабарламада.
Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.