Мемлекет басшысының баспасөз қызметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы аптадағы жұмыс кестесі туралы хабарлады.
Президент 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі. Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Мемлекет басшысы 25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.
Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аяқталды