Тоқаев Жәнібек Әлімханұлын жаңа жеңісімен құттықтады

Фото: Руслан Желдібайдың Telegram арнасы
Фото: Руслан Желдібайдың Telegram арнасы
Кәсіпқой боксшы орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын кезекті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды. 

"Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті. Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді", – деп жазды ол.

Астанада өткен "Battle of the Brave" бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссингемен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Бұл – оның кәсіпқой бокстағы 17-нші жеңісі.  


Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы: "Бокс маған кәсіп емес, ол – менің өмірім"


 

Серіктестер жаңалықтары