Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында газ бағасының қымбаттауына байланысты наразылығына қатысты мәлімдеме жасады.
"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс", – деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.
Мемлекет басшысы азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек екенін атап өтті.
Маңғыстау облысында бірнеше елдімекен тұрғындары газ бағасын арзандатуды талап етіп наразылыққа шықты. Кейінірек ҚР Энергетика министрлігі қымбаттау себебін түсіндірді.