Бірінші сессия 29 наурызда өтеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда сайты.
"Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда 2023 жылғы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қалай өтті? Бір күннің хронологиясы
- 2023 жылғы мәжіліс сайлауының ресми нәтижесі: Қай партия қанша пайыз дауыс жинады?
- Мәжілістегі 69 депутаттық орынды 6 партия қалай бөлісті?
- Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер мәжіліске өтті?