Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды.
Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды. Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін ҚР үкіметі өзі міндеттерін атқарады, деп хабарлады Ақорда сайты.
"ҚР Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "ҚР Үкіметі туралы" ҚР Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің алдында үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін ҚР үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын", – делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысында.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2023 жылғы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қалай өтті? Бір күннің хронологиясы