Тікелей эфир

Тоқаев Үкіметте бірқатар ауыс-түйіс жасады

Асхат Аймағамбетовтың орнына Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметте жаңа министрлерді тағайындады.

  • Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – ҚР премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы;
  • Зүлфия Болатқызы Сүлейменова – ҚР экология және табиғи ресурстар министрі;
  • Ғани Бектайұлы Бейсембаев – ҚР оқу-ағарту министрі;
  • Марат Кәрімжанұлы Қарабаев – ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
  • Асхат Раздықұлы Оралов – ҚР мәдениет және спорт министрі;
  • Азамат Несіпбайұлы Есқараев – ҚР әділет министрі.

Ғалымжан Қойшыбаев

"Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалсын" – деп жазылған президент жарлығында.

Ол 2019 жылдың 18 қыркүйегінен бері президенттің жарлығымен ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы қызметін атқарып келді.

Зүлфия Сүлейменова

"Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын", – деп жазылған президент жарлығында.

Осыған дейін экология және табиғи ресурстар министрі қызметін Серікқали Брекешев атқарған болатын. 

Зүлфия Сүлейменова 2022 жылдың 14 наурызынан бері ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарып келді.

Ғани Бейсембаев

"Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын", – деп жазылған президент жарлығында.

Осыған дейін Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі қызметін атқарған болатын. Бүгін президент жарлығымен лауазымынан босатылды. 

Ғани Бейсембаев 2022 жылы 18 наурызда ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Марат Қарабаев

"Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалсын", – деп жазылған президент жарлығында.

Осыған дейін Қайырбек Өскенбаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған болатын.

Марат Қарабаевтың соңғы қызметі – 2021 шілдеде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

Асхат Оралов

"Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалсын", – деп жазылған президент жарлығында.

Осыған дейін Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған болатын.

Асхат Ораловтың соңғы қызметі – Amanat партиясының атқарушы директоры.

Азамат Есқараев

"Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалсын", – деп жазылған президент жарлығында.

Осыған дейін әділет министрі қызметін Қанат Мусин атқарған болатын. Ол бұл қызметінен босатылып, Конституциялық сот судьясы болып сайланды.

Азамат Есқараев 2019 жылдың маусым айынан бері ҚР премьер-министрі кеңсесі заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келді. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары