Тікелей эфир

Тоқаев Сенат құрамын өзгертті. Жаңа сенаторлар кімдер?

Жоғарғы соттың экс-төрағасы Жақып Асанов сенат депутаты атанды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы 13 депутаттың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

"Президент Жарлығымен Мәулен Әшімбаев, Владимир Волков, Бақытжан Жұмағұлов, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Қайрат Қожамжаров, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Талғат Мұсабаев, Дана Нұржігітова, Қанатбек Сафинов, Ләззат Сүлеймен, Серікбай Трұмов және Асқар Шәкіровтің өкілеттіктері тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Мұымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Жақып Асанов, Мәулен Әшімбаев, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Асқар Шәкіровті Парламент Сенатының депутаты етіп тағайындады. 


Оқи отырыңыз: Алаш күнін белгілеу мәселесін Саяси қуғын-сүргін жөніндегі мемлекеттік комиссия қарайды


Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып келесі азаматтар тағайындалды: 

  • Евгений Больгерт;
  • Закиржан Кузиев;
  • Нурия Ниязова;
  • Алишер Сатвалдиев;
  • Геннадий Шиповских.
Серіктестер жаңалықтары