Тікелей эфир

Тоқаев пен Вьетнам президенті қыш құмыра жасап көрді

Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты.

Қазақстан мен Вьетнам президенттері керамика бұйымдарын шығаратын деревняға барды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг Хайзыонг провинциясында орналасқан керамика бұйымдарын шығаратын Чу Дао деревнясына бірге барды.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі 

"Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты. Содан кейін президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасап көрді", – делінген ақпаратта. 


Оқи отырыңыз: Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг: Қазақ халқының жәрдемін ешқашан ұмытпаймыз


Қазақстан мен Вьетнам президенттері деревняны аралап көргеннен кейін дайын өнімдерге және құрметті қонақтар кітабына қолтаңбаларын қалдырды.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі 
  • Чу Дао – тарихы біздің дәуіріміздің XII ғасырынан бастау алатын керамика бұйымдарын дайындаудың көне вьетнамдық әдісі. Бұл қолөнер XIV-XV ғасырларда дамып, XVII ғасырда жоғалып кеткен. Алайда 1980-жылдары Ыстанбұлдағы Топкапы музейінен Чу Дао шеберінің қолынан шыққан құмыра табылды.
  • 2001 жылы Ханой сауда корпорациясы осы ежелгі қолөнерді  қайта жаңғыртып, көне технология негізінде толыққанды өндірісті жолға қойды.
Серіктестер жаңалықтары