Тікелей эфир

Тоқаев пен Путин Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастығы форумын ашты

ЕАЭО елдерінің өндірістік, ресурстық және экспорттық әлеуетін іске асыру 600 миллионға жуық адамды тамақтандыруға мүмкіндік береді, деп атап өтті ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастығы форумында бейнебайланыс арқылы сөз сөйледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктес әрі одақтас екенін атап өтті.

"Қостанай облысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосуда. Бұл Қазақстандағы тың жерлерді игерудің басталуының арқасында мүмкін болды. Келесі жылы бұл науқанның басталғанына 70 жыл толады. Өткен жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы ауылшаруашылық өнімдерінің тауар айналымы төрттен біріне дерлік артып, 3,6 миллиард долларды құрады. Әлбетте, бұл табыстың шегі емес", – деді мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: "Ресейдің ішкі мәселесі". Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті


Ол біздің елдеріміздің ауыл шаруашылығы саласындағы сауда мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту үшін орасан зор мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

"Қазақстан мен Ресейдің ауылшаруашылық өнімдерін ең ірі өндірушілердің қатарында және астық экспорты бойынша әлемдік көшбасшылар ондығына кіретінін атап өту жеткілікті. Бүкіл әлем бойынша егістік алқаптардың 10%-ға жуығы және жайылым мен шабындықтардың  9%-ы біздің мемлекеттеріміздің үлесіне тиеді", – деді Президент.

Серіктестер жаңалықтары