Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде партияларды тіркеу айтарлықтай жеңілдейтінін мәлімдеді.
"Қазақстанда партияларды тіркеу үдерісі айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл ретте партиялар үшін қарастырылған тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Ал өңірлердегі өкілдердің саны үш есеге төмендеп – 600-ден 200 адамға дейін азайтылады. Партияны құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны 1 000 адамнан 700-ге дейін азайтылады", – деді президент.
Мұнымен қатар, президент әлеуметтік желілерде партияларды үгіттеуге нормативтік тұрғыдан рұқсат беруді ұсынды.
"Демократия тарихы, ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Бұл, сонымен қатар, сайлау заңнамасының сақталуын бақылау тарихы. Осыған байланысты бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері нақты айқындалуы тиіс деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз: Nur Otan партиясының атауын "Аманат" етіп өзгерту ұсынылды
"Гибридтік қауіптердің жалпы өсуін ескере отырып, шетелдіктердің біздің елдегі сайлауға араласпауы үшін заңнамалық деңгейде шаралар қабылдау қажет", – деп қосты президент.
Еске салсақ, Асхат Ораловтың Amanat партиясының логотипін таныстырғаны туралы хабарлаған едік. Партияның съезіне қатысқан 393 делегат партия атауын Amanat деп өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.