Тоқаев Кувейт әмірін мемлекеттің Ұлттық күнімен құттықтады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың жауапты қызметіне толайым табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы жеделхатта Кувейтті Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі саяси және экономикалық тұрғыдан беделді ел ретінде бағалайтынын жеткізді. 

Сонымен қатар мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы саладағы ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі.

Серіктестер жаңалықтары