Тікелей эфир

Тоқаев бүгін Қазақстан халқына бейнеүндеу жасайды

Бейнеүндеу сағат 16.00-де республикалық телеарналарда көрсетіледі.

Бүгін сағат 16.00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өтетін референдумға байланысты республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына бейнеүндеу жасайды, деп хабарлады Ақорда.

5 маусымда Конституцияға өзгеріс енгізу туралы республикалық референдум өтеді. 

Ата Заңның шамамен үштен біріне өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Олардың негізгілері: 

  • Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік формасынан мықты парламентке ие президенттік формаға көшеді;
  • президенттің туыстарына жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруға тыйым салынады;
  • жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі болады;
  • қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады;
  • Қазақстанда өлім жазасы болмайды;
  • мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша қалыптасады;
  • сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады;
  • мажоритарлық жүйе сайлаушылардың қалауы бойынша депутаттың өкілеттігін тоқтатуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Референдумға 11 млн 722 мың адам қатысады


 

Серіктестер жаңалықтары