ОСК дерегінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 81,31 пайызы дауыс берген.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент ретінде тіркеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің дерегінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе барлық сайлаушылардың 81,31%-ы дауыс берген.
"Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті ретінде тіркеді және заңнамада белгіленген тәртіппен сайланған Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады", – деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған президент ретінде 26 қараша күні ант береді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы 2022 жылғы президент сайлауының хронологиясы