Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке бірқатар елдерге қазақстандық әскери қызметкерлердің шектеулі контингентін БҰҰ миссиясы аясында жіберуді ұсынды. Бұл елдер қатарында Оңтүстік Африка республикасы, Конго демократиялық республикасы, Мали және Ливан бар.
"Бағалау мен іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Қазақстаннан БҰҰ-ға бес бөлімше берілген, Олардың бәрі дайындықтың түрлі кезеңінде. Біз бөлімшелерімізді бірден емес, өтініш бойынша жіберіп отырамыз. Бізге миссияны орындауға дайындығы бойынша баға беріліп отырады", – деді қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.
Министрдің айтуынша, 2013 жылдан бері қазақстандық 45 офицер Батыс Сахара, Код-дивуар және Ливанда әскери бақылаушы және штаб офицері ретінде БҰҰ миссияларына қатысқан. Ал 2018 жылдан бері қазақстандық 520 әскери қызметкер Ливанда БҰҰ уақытша күші миссиясына қатысқан.
"Қазіргі таңда Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясында және Ливандағы БҰҰ уақытша күштерінде қазақстандық 6 және 9 әскери қызметкерлер қатысып жатыр", – деді Руслан Жақсылықов.
Оның айтуынша, БҰҰ басшылығы қазақстандық әскери қызметкерлердің әскери дайындығына жоғары баға берген.