Nur Otan съезінде бекітілген саяси кеңес құрамына Бауыржан Байбек кірген жоқ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты" деп жазды ол.
Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып 2019 жылғы 29 маусымнан бері қызмет еткен болатын.
Оқи отырыңыз: Nur Otan партиясы саяси кеңесінің құрамы жаңарды