Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен жазушы Илья Жақанов пен Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді. Қаулы Ақорда сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жазушы Илья Жақановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылады.
Оқи отырыңыз: Төрегелді Шарманов: Ең сұлу адам – денсаулығы жақсы адам