Тікелей эфир

TikTok 345 миллион еуро айыппұл төлейді

Тағылған айып – балалардың жеке мәліметтерінің құпия сақталмауы.

Еуропалық одақ TikTok платформасына Балалардың жеке деректерін өңдеу бойынша құпиялылық туралы заңдарды бұзғаны үшін 345 млн еуро көлемінде айыппұл салды, деп жазды Euronews.

Айыппұл салу алдында платформаға жасалған тергеу жұмыстары екі жылға созылған. Ал айыппұлға негіз болған құқық бұзушылық деректері 2020 жылдың шілдесі мен желтоқсаны аралығында тіркелген. Соған сәйкес, Дублиндегі Деректерді қорғау комиссиясы әлеуметтік медиа алыбын өз қызметін үш ай ішінде ережелерге сәйкес келтіруге міндеттеп отыр.

Еске салайық, бұл TikTok платформасына салынған бірінші айыппұл емес. Бұған дейін АҚШ, Нидерландтар, Ұлыбритания да қомақты сомадағы айыппұл салған болатын.


Оқи отырыңыз: WhatsApp, TikTok, Roblox. Қазақстандық балалар қандай мобильді қосымшаларды жиі қолданады?


 

Серіктестер жаңалықтары