Тергеуші қалалық ІІБ бастығы орынбасарының әрекетіне шағымданды.
Павлодарда Солтүстік полиция басқармасы бастығының орынбасары әріптесін соққыға жыққан, деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД бастығы Василий Скляр.
"13 қазанда Павлодар қалалық ІІБ Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен сол бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы арыз түсті. Менің тапсырмам бойынша полиция бөлімшесі аталған факті бойынша қызметтік тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп жазды Скляр Facebook парақшасында.
Оқи отырыңыз: Атырауда мектеп басшылығы оқушылар төбелесін жасырып келген.