
Бүгін Астанада Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобында 1-2 ақпан күндері өтетін Қазақстан – Пәкістан плей-офф матчының жеребесі тартылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Сенбі күні ойын шымылдығын Александр Шевченко ашады. Ол пәкістандық Музамиль Муртазаға қарсы ойнайды. Одан кейін Beeline Arena орталық кортында Бейбіт Жұқаев пен Хузайфа Абдул Рехман кездеседі.
Жексенбі күні Александр Шевченко – Тимофей Скатов жұптық сында Акел Хан – Музамиль Муртазамен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, жекелей сында Александр Шевченко мен Хузайфа Абдул Рехманның, Бейбіт Жұқаев пен Музамиль Муртазаның кездесуі жоспарланған.
Құрама капитандары бәсекеге бір сағат қалғанға дейін ойыншыларды алмастыра алады. Матчта үш ұтысқа қол жеткізген команда жеңімпаз атанады.
Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!