24 жылғы үзілістен кейін қайта беріле бастаған "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағына биыл ақын Темірхан Медетбек, ақын, драматург Исраил Сапарбай және жазушы Валерий Михайлов ие болды.
"Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар Темірхан Медетбек, Валерий Михайлов және Исраил Сапарбай "Қазақстанның халық жазушысы" атағына ие болды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда "Қазақстанның халық жазушысы" атағын қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. 2023 жылы "Қазақстанның халық жазушысы" атағына белгілі қаламгерлер – Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова ие болды.
Республика күніне орай мемлекеттік наградаларға ие болған Қазақстан азаматтарының тізімін осы жерден оқуға болады:
Оқи отырыңыз: Республика күні қарсаңында ғалымдар, мұғалімдер, құтқарушылар мен өндіріс үздіктері марапатталды