Тікелей эфир

Telegram ережесін бұзған пайдаланушылардың жеке деректері құқық қорғаушыларға беріледі

Жеке деректер тиісті органдардың заңды сауалына сәйкес жария етілуі мүмкін.

Telegram ережелерін бұзған пайдаланушылардың IP мекенжайы мен телефон нөмірлері құқық қорғаушыларға беріледі, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жеке деректер тиісті органдардың заңды сауалына сәйкес жария етілуі мүмкін. Бұл туралы осы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров мәлімдеді.

Компания басшысы Telegram-да іздеу жүйесі басқа желілерге қарағанда дамыған. Сондықтан адамдарға жалпыға қолжетімді арналар мен боттарды табуға мүмкіндік береді деп отыр.

Бірақ мұны теріс мақсатта пайдаланып, заңсыз тауар сататындар бар екен. Жаңа талап осындай қаскөйлердің жолын кесуге арналған дейді Павел Дуров.

Еске салайық, бір ай бұрын миллиардер кепілмен бостандыққа шыққан болатын. Ол Париж полициясына аптасына екі мәрте баруға міндетті. Павел Дуров ақша жымқыру, киберқылмысқа қатысу, тергеуге қажет ақпарат беруден бас тарту секілді бірнеше қылмыс бойынша күдікке ілінген.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары