"Таза Қазақстан": Кеншілер мен студенттер үйінділер аумағында 15 мың ағаш екті

Фото: ERG
Фото: ERG
2023 жылы егілген 17 мыңнан астам ағаштың 80 пайыздан астамы тамыр жайған.

ERG құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің ұжымы "Таза Қазақстан" акциясының аясында үйінділер ауданына 14 мың ағаш егіп, бірлестіктің дайын өнім қоймасының жанына бір мың пирамидалық терек отырғызылды.  

Компания кәсіпорындарында "Жасыл экономика" қағидасына негізделген шешімдер 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келеді, олардың бірі – Қостанай облысының жасыл желегін байыту. 

"Ағаш егу – біздің жақсы дәстүріміз, Мұндай акциялар жыл сайын ұйымдастырылады. 2023 жылы кеншілер 17 мыңнан астам көшет екті. Ал енді, міне, 14 мың терек үйінділердің бойына қаз-қатар тізіліп, оған қоса тағы мың терек дайын өнім қоймасының жанында сап түзеді", – деді Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің бас экологы Анатолий Дворниченко.

Бұл жолы кеншілердің экологиялық бастамасына колледж студенттері де белсене қатысқан. Олардың көпшілігі болашақта бірлестік ұжымының қатарына қосылады. 

"Біз жыл сайын кәсіпорнымыздың өнеркәсіп аймағын көгалдандырамыз. Экожүйені, атап айтқанда ауаны жақсартуға тырысамыз. Өнеркәсіп кәсіпорнын қоршаған ортаға әсер етеді. Біз бұл әсерді азайтуға және ауа жағдайын жақсартуға тырысамыз. Көптеген әдістердің бірі – ағаш егу", – деді экология бойынша сарапшы Игорь Гонтаренко.

Экологтар, көшет егуден бөлек, олардың өсіп-өніп кетуін де бақылайды. Айта кетейік, 2023 жылы егілген 17 мыңнан астам ағаштың 80 пайыздан астамы тамыр жайған. Ал кеуіп, өнбей қалған көшеттердің орнына жаңалары егіледі. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары