Соңы бүлікке айналған оқиға кезінде жоғалған, жарақаттанған, өмірден өткен адамдар туралы ақпарат жинайтын сайт ашылды.
www.izsizqantar.com сайтында құрбан болған адамдардың аты-жөні, туған күні, облысы, статусы, жоғалу, жарақаттану не өлім күні әрі ақпарат берушінің аты-жөні мен байланысы жинақталады.
"Ақпаратты үшінші тұлғалармен бөліспейміз", – деп көрсетілген сайтта.
Күні кеше Алматы полициясы жақынын жоғалтып алғандардан үш арыз ғана түскенін айтты. Яғни баласын іздегендердің көбі полицияға арыз тастамаған. Заңгерлер керісінше уақыт өткізбей, із-түссіз кеткен адам туралы барлық деректі қосып полицияға беру қажет екенін айтады.
Ескерту: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл сайттың Қазақстанда тіркелмегенін және ресми ақпарат көзі болып табылмайтынын ескертеді.
Оқи отырыңыз:
- Жаппай тәртіпсіздік кезінде халық алдына шықпаған әкімдер кімдер?
- ҰҚК террорлық актілерге қатысы бар адамдарды іздеу нәтижелерін жария етті