Тікелей эфир

Тарбағатайға бірқазандар ұшып келді. Оларды аулағанға 1,4 млн теңгеге жуық айыппұл салынады

Экологтар бірқазандардың жұмыртқа басу уақытында оларды мазаламау аса маңызды екенін ескертті.

Тарбағатай ұлттық паркі аумағына бірқазандар ұшып келді, деп хабарлады ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

"Бұл аймақта аталмыш құстар Еміл өзенінің Алакөлге құяр сағасында мекендейді. Олардың тіршілік ету ортасында - су деңгейі, азық қоры, сонымен қатар судың тазалығы маңызды, яғни химикаттармен және металл қалдықтарымен ластанбаған болуы керек. Бірқазандардың қоныстанған жеріне қарап, онда балық қорының мол екендігіне көз жеткізуге болады", – делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.

View this post on Instagram

A post shared by QAZFWC (@qazfwc)

Қазақстанда бірқазанның екі – қызғылт және бұйра түрі мекендейді. Екеуі де Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Бұл құстар ел аумағында наурыз айынан бастап, қазан айына дейін тіршілік етеді. Қыстауға Жерорта, Кacпий тeңiздeрiнiң oңтүcтiк жaғaлaуына, Oңтүcтiк Aзияға, кeйдe Тaяу жәнe Oртa Шығыcқa, Coлтүcтiк Үндicтaнғa ұшып кетеді, ал қызғылт бiрқaзaндaрдың бiр бөлiгi Aфрикaда қыстайды.


Оқи отырыңыз: Қазақстандағы сұңқарлардың саны 30 жылда 10 есе азайған


"Бірқазандардың жұмыртқа басу уақытында оларды мазаламау аса маңызды. Себебі құстар қауіп-қатерді сезінген жағдайда ұяларын тастап кетуі мүмкін. Жоғарыда атап өткендей жойылу қаупі төнген құстар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Оларды заңсыз аулаған жағдайда 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады", – делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары