Тікелей эфир

Таразда құжат бойынша қамаудағы азамат жұмысқа тұра алмай жүр

Белгілі болғандай Қызылордада жасаған қылмысы үшін Ержан Болатовтың туған ағасы істі болған екен.

Таразда құжат бойынша қамаудағы азамат жұмысқа тұра алмай қиналған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тіркеуде сотталып кеткен тұрғын түрме есігін күнде сырттан тоқылдатып жүр. Мұндай жағдайға түзеу мекемесінің басшылығы мен прокурорлар да аң-таң.

Белгілі болғандай Қызылордада жасаған қылмысы үшін Ержан Болатовтың туған ағасы істі болған екен. Бірақ тергеу барысында да, адам тағдыры шешілер сот отырысында да жеке басы анықталмай, інісінің құжатымен шешім шығарып жіберген.

"Мен бірінші рет осындай жағдайды көріп отырмын. Белгілі болғандай Қызылордаға жұмысқа барған Махамбет Болатов істі болады. Қолға түскен сәтте інісінің жеке куәлігі қалтасынан шыққан. Куәліктегі суреті аумаған соң тергеушілер анықтауға емес дереу соттауға асыққандай", – деді Жамбыл облыстық ҚАЖД №59 бастығы Руслан Уразметов.

"Тексермеген. Менің ағам оларға құжат өзінікі емес екенін айтқан.  Мен емес, менің атым Болатов Махамбет. Ал паспорт менің інімнің паспорты деп айтқан. Ол кісілер оған сенбей Махамбет емес Ержан деп соттап жіберген. Негізі Болатов Ержан мен боламын", – деді Тараз қаласының тұрғыны Ержан Болатов.

Осылайша биыл маусым айында Қызылорда қалалық №2 соты Махамбет Болатовты ұрлық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырады. Бірақ құжат бойынша інісін соттап жіберіпті. Бір қызығы баласының сотталып жатқанынан жақындары бейхабар болған. Бұл жағдайдан соң прокурорлар саусақ іздерін сараптап, қамаудағы азамат Ержан емес туған ағасы Махамбет екені белгілі болыпты.

"Сотталған Болатовтың өзінің туған інісінің құжаттарымен Қызылорда қаласының сотымен басқа есімде заңсыз сот үкімі шыққаны анықталды. Ол мән-жайларды дәлелдеу үшін біз қажет сарапшыларды тарта отырып бұл жағдайларды дактилскопиялық мамандардың зерттеуі арқылы сотталғанның сөзінің растылығы орнын тауып тиісті хат, бас прокуратураға және Қызылорда облыстық прокуратурасына жолданған. Қазір құжаттан жаңылысқан жағдай бойынша іс қайта қарауға жіберілді", – деді Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Асылбек Пешеков.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары