Пессимистік сценарий бойынша тамыз айында бір тәулікте төрт мыңға жуық адамнан коронавирус анықталуы мүмкін.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Covid-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қыркүйекке дейінгі болжамын айтты.
"Өздеріңіз білетіндей, біз ай сайын болжамды жаңартып отырамыз. Алдағы үш айда пессимистік сценарий бойынша тамыз айында бір тәулікте – төрт мыңға жуық адамнан, "реалистік сценарий" бойынша күніне – 2400 адамнан, оптимистік сценарий бойынша күніне 1000 адамнан коронавирус анықталуы мүмкін", – деді бас санитарлық дәрігер.
- Пессимистік сценарий бойынша шілдеде тәулігіне орташа есеппен – 1250, тамызда – 4000 және қыркүйекте – 550 жағдай тіркелуі мүмкін.
- "Реалистік сценарий" бойынша шілдеде күніне – 750 жағдайға дейін, тамызда – 2400 жағдайға дейін және қыркүйекте 350 жағдай тіркелуі мүмкін.
- Оптимистік сценарий бойынша шілдеде орташа есеппен 470 жағдайдан аспайды, тамызда – 1000-ға дейін және қыркүйекте – күніне 350 жағдайға дейін.
Оқи отырыңыз: Маймыл шешегіне қарсы вакцина салдыру міндетті бола ма?