Алматы облысында бір түнде бірнеше жылқысынан айырылған шаруалар наразылық білдіріп жатыр. Айтуларынша, көрші қожалық иесі соңғы бір ай ішінде егістік алқабына кірген мал атаулыны қырып салған. Қазір атқан жылқы саны жиырмаға жуықтап отыр, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
"8 тамыз күні үш биені атты. Екеуін қанталаса, үшіншісінің көзі ағып кеткен. Сойып алған. Оқ атқаны көрініп тұр. Атылған малдарымызды өндіріп берсін. Екінші атпасын", – деді шаруа Мағжан Мұратбек.
Күндіз егістік алқабын Еркін есімді азамат қараса, түнде қожалық иесі өзі бақылайды. Еркін есімді азамат бастықтардың "Енді алқапта жайылға бөтен жылқыларды атамыз" деп ескерткенін айтады.
Оқи отырыңыз: Заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясынан кейін елде қарумен жасалатын қылмыс екі есе азайды
"Біздің талабымыз – алқабын қоршасын. Сенің жерің болса, оны қоршауың керек. Қоршауға кіріп кетсе, иесіне айыппұл сал. Адам мен жылқыға оқ атқаны несі?" – деді Талғар ауданының тұрғыны Еркін Қазбеков.
Полиция өкілдері зиян шеккендердің арызын қабылдап, оқиғаның мән-жайын тексеруге уәде етті. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.