Таиланд Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді ұзартты, деп хабарлады 31арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Енді отандастарымыз бұрынғыдай бір ай емес, екі ай бойы тропикалық елде емін-еркін жүре алады.
Аталған мемлекеттің Ішкі істер министрлігі 93 елдің туристеріне визалық талаптарды жеңілдетті. Оның ішінде Қазақстан да бар. Сонымен қатар корольдік алдағы уақытта ұзақ мерзімді визалар үшін де жеңілдіктер қарастырылатынын мәлімдеді.
Статистика бойынша, жыл басынан бері Таиландқа 18 миллионнан астам шетелдік барған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға артық.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан азаматтарына визасыз 40 -тан аса елге саяхаттауға болады.