Тікелей эфир

Таеквондошы Батырхан Төлеуғали екі дүркін әлем чемпионына есе жіберді

Бұл – 18 жастағы спортшының тұңғыш Олимпиадасы.

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына өте алмады. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездесті. 

Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен қарсыласынан басым түсті. 

Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет.

Бұл – 18 жастағы спортшының тұңғыш Олимпиадасы. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары