Тікелей эфир

Табысы төмен қазақстандықтар қалай баспаналы бола алады?

Халықтың жан басына шаққандағы табысы – 238,2 мың теңге.

Қазақстандағы үй шаруашылықтарының шығындары биылғы екінші тоқсанда, ҚР СЖРА ҰСБ үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижелері бойынша, жан басына шаққанда орташа есеппен 225,3 мың теңгені құрады – бұл халықтың орташа табыстың 94,6%-ын құрайды, деп жазды Kursiv.kz.

Осы кезеңдегі халықтың жан басына шаққандағы табысы 238,2 мың теңге. Сонымен қатар, еліміздің төрт өңірінде үй шаруашылығының шығындары кірістен асып түседі: Алматы қаласында (10,6%-ға), Алматы облысында (10%-ға), Жетісуда (9,9%-ға) және Түркістанда (5,4%-ға).

Халық шығынының 51,4%-ы немесе 115,8 мың теңгесі бірден ең қажетті азық-түлік тауарларына бағытталды. Оның үстіне еліміздің төрт өңірінде – Маңғыстау, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында азық-түлікке жұмсалған қаражат шығындардың 60%-дан астамын құрайды.


Оқи отырыңыз: Халыққа ипотека беру үшін Отбасы банкі мемлекеттен 5,1 млрд теңге кредит алады


Дәл осы өңірлердің ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша аутсайдерлердің болуы таңқаларлық емес. Сонымен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үймен қамту көрсеткіштері ең әлсіз өңірлер қатарында Жамбыл, Түркістан және Алматы (қазіргі уақытта Алматы және Жетісуға бөлінген) облыстары бар: мұнда жан басына шаққанда небәрі 18-21 шаршы метрден келеді. Ал Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш 23,2 шаршы метр және Астана қаласы бойынша көрсеткіш 30,6 шаршы метр.

Аталған өңірлердің тұрғындары үшін және жалпы табысы жоғары емес қазақстандықтар үшін тұрғын үй мәселесін шешудің уақыт сынынан өткен жолы — тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі (ТҚЖ) бар. Сонымен қатар, жалақысы төмен қазақстандықтар коммерциялық банктердің стандартты ипотекалық бағдарламаларына сене алмайды: несиелік қаражат банктердің мөлшерлемелерін есепке алғанда тым қымбатқа түседі немесе азаматтар несие алмайды. Ал ТҚЖ жүйесі табысы төмен болса да жүйелі түрде қаражат жинауға, содан кейін қолайлы мөлшерлеме бойынша несие алуға көмектеседі. Бұл құрал қазір барлығына дерлік қолжетімді.

Серіктестер жаңалықтары