Тікелей эфир

Табиғи ресурстарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаның қорытындысы жарияланды

Жиналған 8 миллион теңге зардап шеккен аймақтағы ормандарды қалпына келтіруге жолданды.

"Эфес Қазақстан" компаниясы "Eco Fund Tabigat" жеке қорымен бірлесе отырып, Қазақстанның табиғи ресурстарын қолдауға бағытталған #BMgoGREEN әлеуметтік жобасының нәтижесін жариялады.

Өрттен кейін ормандарды қалпына келтіру және ағаш егу көптеген жыл бойы экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу жолындағы маңызды қадам ретінде танылды. Әрбір егілген ағаш орманның жойылуымен күресуде, көмірқышқыл газының деңгейін төмендетуде, ауаның сапасын жақсартуда, биоәртүрлілікті сақтауда және болашақ ұрпақ үшін экожүйені қорғауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, ағаштар эрозия мен су тасқынының алдын алып, жергілікті қауымдастықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және табиғи экожүйелерді сақтай отырып, табиғи кедергілер ретінде әрекет етеді.

"#BMgoGREEN науқаны қазіргі экологиялық проблемаға назар аудару және қоғамды неғұрлым саналы тұтыну мен тұрақты даму жолында біріктіру үшін жасалды. Өкінішке қарай, соңғы кездері қоршаған ортамызды шарпыған және елеулі зиян келтірген жиі болатын дала өрттері аясында экологиялық тұрақтылық мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Тілсіз жаудың қоршаған ортаға және қоғамға әсері қатты алаңдатады. Бүгін біз #BMgoGREEN әлеуметтік жобасы аясында "Семей Орманына" ағаш отырғызуға көмектескенімізге қуаныштымыз", – деді "Эфес Қазақстан" ШК АҚ бас директоры Эртан Курт.


Оқи отырыңыз: Экология министрлігі: "Семей орманы" резерваты техникасының 80 пайызы тозған


Тамыз айында Алматы қаласындағы "Қарағайлы орман" экопаркінің аумағында жобаның іске қосылуына орай компания өкілдері орманды қалпына келтірудің символы ретінде күл ағашының көшеттерін отырғызған еді.

"Біздің "Eco Fund Tabigat" қорының тұжырымдамасының идеясы – қоғамды қоршаған ортаны жақсарту, экологиялық мәдениетті ілгерілету және елдегі экологиялық бастамаларды белсенді қолдау бойынша жасыл бастамаларға тарту. Жақын арада Қазақстанның басқа қалаларында да осындай экологиялық саябақтар құру жоспарымызда бар. Осы жазда үлкен трагедиядан зардап шеккен "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына көмек пен қолдау көрсету біз үшін өте маңызды", – деді "Eco Fund Tabigat" жеке қорының басшысы Тимур Елеусизов.

Маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Эркан Алп "Eco Fund Tabigat" басшысы Тимур Елеусізовке "Семей орманы" алқабында ағаш егуге бағытталған номиналды құны 8 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Бұл компанияның қоршаған ортаға қамқорлық жасау және елде экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңыздылығына назар аударуы бірінші рет емес.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары