Тікелей эфир

Шымкенттен Астанаға жолға шыққан пойызда сәби дүниеге келді

Үш жылда ҚТЖ пойыздарында 14 бала өмір есігін ашқан.

21 қазанда сағат 23:55-те №86 "Шымкент-Астана" пойызында қыз бала өмірге келді, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі

Кенжеева есімді жолаушы күйеуімен бірге сапарға шыққан. Жол үстінде әйелдің толғағы қысады. 

Сәбиді өмірге әкелуге пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анар Адамбаева көмектескен. Олар жедел түрде барлық қажетті шараларды қабылдап, әйел аман-есен босанған. 

"Пойыз бригадаларының қызметкерлері үнемі алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша арнайы дайындықтан өтеді. Соңғы 3 жылда ұлттық тасымалдаушының пойыздарында 14 бала дүниеге келді", – делінген ҚТЖ хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Ақтөбелік жолсерік пойызда толғағы қысқан жүкті әйелді аман-есен босандырып алды


Еске салайық, жыл басында ақтөбелік жолсерік Ғалия Қабдрахманова пойызда жүкті әйелді босандырып алған болатын.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары