Тікелей эфир

Шымкенттегі Қонаев даңғылының құрылысы: ІІ кезеңнің құрылысы 35% дайын

Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында Қонаев даңғылының жалғасы салынып жатыр. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, күре жолдың құрылысын бақылады. Жалпы Дінмұхамед Қонаев даңғылының ІІ кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені – 42 метр, 6 жолақты.

Қазір мұнда жер жабындысын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: Шымкентте суретшілерге арналған арт-кеңістік ашылды


Сондай-ақ құрылыс нысанында тірек қабырғаларын орнату жұмыстары және инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары атқарылған. Қазіргі уақытта құрылыс 35 пайызға аяқталған.

Түркістан көшесінен теміржолға дейінгі аралықты қамтитын ІІ кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарланып отыр. Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыс нысанына түсетін 5 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу мәселесін тезірек шешуге тапсырма берді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары