Тікелей эфир

Шымкентте "Халық қатысатын бюджет" жобасы оң нәтиже беріп жатыр

depositphotos.com
depositphotos.com
Үшінші мегаполисте "Халық қатысатын бюджет" жобасы нәтижелі жүзеге асырылып жатыр.

Республика күні қарсаңында, Шымкент қаласы, "18" шағын аудандағы №21 және 25 көпқабатты үй ауласында 2 кешенді балалар ойын алаңшасы халық игілігіне берілді.


Жалпы, абаттандыру, ойын алаңшаларын салу жұмыстары 2021 жылдан бері тұрғындардың ұсынысымен "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында  іске асырылып келеді. Еңбекші ауданының өзінде биыл жоба аясында аулаларды абаттандыру көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артып отыр. Жоспар бойынша 73 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру және жеке секторда 6 – кешенді балалар ойын алаңшасын салу керек еді. Бүгінде І-кезең бойынша 52 үй ауласы абаттандырылып, жеке секторда 6-балалар ойын алаңшасы құрылды. ​


"18" шағынауданда орналасқан 56 көпқабатты үйдің аулалары 2011-2013жж. кезең-кезеңмен толық абаттандырылған еді. ​​Ал, 2020 жылдан бастап алаңқайлар жаңартылып, заманауи ойын алаңдары құрыла бастады. 


Нәтижесінде 2020 жылы 10 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылса, 2021 жылы тұрғындардың ұсыныстары бойынша 5 үй ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары құрылды, ал қазір 16 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылуда, одан бөлек 3 ашық спорт алаңшасы қайта құрылды.  
Қалған 25 көпқабатты үйдің ауласын 2025 жылға дейін қайта жаңғыртып, заманауи балалар ойын алаңшаларын құру жоспарда бар.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары